Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы аясында тұрғындардың 267 бастамасы іске асырылуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов онлайн брифингте «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатқаны туралы айтты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 2019 жылы республика бойынша алғаш Алматы қаласында «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасы іске асырылды.

Бұл аумақтарды тиімді басқару үшін азаматтар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы диалог. Жобаның мәні - кез-келген қала тұрғыны өз қалауы бойынша қалалық ортаны дамыту жөніндегі идеясын ұсына алады. Ол бастама дауыс беру процесінде басқа тұрғындардың қолдауына ие болуы шарт.

Urban Forum Kazakhstan, 2019 жылы басталған «Алматының бюджетке қатысу» пилоттық жобасы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызды кезеңі болды деп санайтынын айта кету қажет. Қала тұрғындары қала бюджетінің бір бөлігін өз аудандарының түйткілді мәселелерін дамыту мен шешу үшін қалай пайдалану керектігі туралы айтуға мүмкіндік алды. Мәселен, 2019 жылы тұрғындардан 333 жобалық ұсыныс түскен, оның ішінде 228 дауыс беруге жіберілді, 183 жоба 10-нан артық дауыс жинады, 55 жоба іске асыруға жіберілді, 49 жоба іске асырылды,-дейді Батанов.

Ал, 2020 жылы халықтан 796 ұсыныс түсіпті, бұл 2019 жылға қарағанда 463 жобаға артық. Осы жобалық ұсыныстардың ішінде 448-і дауыс беруге жіберіліпті, 281 жоба қайтарылған, 60 жобаны авторлар пысықтамаған, 273 жоба іске асыруға жіберіліпті, қазір 268 жоба іске асырылып жатыр екен.

2021 жылы 7,3 млрд теңге сомаға 273 жобасы іске асыруға жіберілді, бүгінгі күні 6,0 млрд теңгеге 267 жоба іске асырылуда, 2,1 млрд теңгеге 107 жоба пайдалануға берілді,-дейді басқарма басшысы.

Іске асырылып жатқан жобалардың аудандардағы нәтижесі мынандай:

Алатау ауданы бойынша жоспарланған 31 жобаның - 1 жобасы пайдалануға берілген;
Алмалы ауданы 69 жобаның - 31 іске асырылған;
Әуезов ауданы 22 жобаның – 14 іске асырылған;
Бостандық ауданы 24 жобаның – 7 іске асырылған;
Жетісу ауданы 17 жобаның - 17 іске асырылған;
Медеу ауданы 19 жобаның ішінде - 6 аяқталды;
Наурызбай ауданы бойынша 50 жобаның – 24 аяқталды;

Түрксіб ауданы бойынша 35 жобаның – 7 объект іске асырылды. Қалған объектілер бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы