Алматыда бұзақы тұрғындарға көзден жас ағызатын спрей шашқан

Алматыдағы "Арбат" аймағында серуендеп жүргендерге белгісіз адам көзден жас ағызатын спрей шашқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланды. Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық жерде бұрыш спрейін шашқан бұзақының жеке басы белгіленеді. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады, – деп атап өтті полиция департаментіндегілер.

Бұған дейін 30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұрғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы