Алматыда бутиктерді тонап келген ұрылар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ұрылар бутиктерді тонау кезінде ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 
Күдіктілер құлыпты бұзу арқылы киімдер сатылатын дүкендерге кіріп, құнды деп санағанның бәрін ұрлаған. Белгілі болғандай, екі ер адам да бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.
Олар тек жеке ұйымдардың тұрғын емес үй-жайларына кірген: спорт киімдері бутиктеріне, әйелдер аксессуарларына, сұлулық салондарына, шаштараздар мен басқа нысандарға кірді. Бұл адамдар кеңсе компьютерлерінен іш киімге дейін ұрлаған, – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Тұрғаналы.


Құлыптарды ашу үшін олар өздерімен бірге темір кесетін құралдарды алып жүрген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрылар қылмыс үстінде ұсталған. Қазіргі уақытта айыпталушылардың екеуі де Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі ( ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің есебінде қалада осыған ұқсас 15 қылмыс бар. Ұсталғандардың жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы