Алматыда Бұрындай зираты өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында Бұрындай зираты өртенді деген ақпарат тарады.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Желіде тараған видеода Бұрындай зиратындағы өртті байқауға болады. Видео кадрларында зираттардың да өртеніп жатқаны көрінеді.


Алматы ТЖД хабарлауынша, 12:30-да зират маңындағы Индустриалды аймақта құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау 1,5 га аумақты шарпыған. Өртті сөндіру үшін «Ермак» аспалы өрт сөндіргіштері мен бекіністік құрал-саймандар (күрек және тағы басқалары) қолданылды.

Өрт сағат 14:28-де ауыздықталып, сағат 15:11-де толығымен сөндірілді.

ТЖД қызметкерлері Алматы тұрғындарынан құрғақ шөпті өртемеуді, шеккен темекіні сөндіріп жүруді сұрайды және далада от жағудан бас тартуға шақырады.

Өрт сөндірушілердің сөзінше, қазір қалада өрттің жоғары қаупі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы