Алматыда Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешені күзетшісін атып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда белгісіз ер адам Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кетті.
Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрдан он шақты полиция қызметкерінің күзетші отыратын бутканы тексеріп жатқанын көруге болады.
Аталған тұрғын үй кешені күзетшісі мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындаған. Салдарынан аң атуға арналған қарумен күзетшінің аяғына оқ атылған, - дейді Алматы қаласы Полиция департаментіндегілер.
Күзетші ауруханаға жатқызылған.
Оқиға орнына полиция күштері тартылып, күдіктіні ұстау шарасы қолға алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Петропавл қаласында 7 саябақ ашылады
Өзгелердің жаңалығы