Алматыда бүгіннен бастап сауда орындары жұмыс істей бастайды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқимов қала тіршілігін қалыпқа келтіру бойынша өткен жиында айтты.
Қала әкім Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жиында ведомства басшылары қаланы қалыпқа келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Қаладағы 149 ірі супермаркеттің қазір 117-сі істеп тұр. Бүлік кезінде зақымдалған 31 супермаркет 12-ші қаңтарда жұмысын қайта бастайды. Сондай-ақ қаладағы 52 базардың 10-ы жұмыс істеп тұр, қалғандары жақын күндері ашылады. Қаладағы 220 жанармай бекетінің 121-і жұмыс істеп тұр. ТЖ кезінде 51 жанармай бекеті зақымдалған, оның біреуі толықтай өртеніп кеткен. Полиция департаменті бұл нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр, - деді ол.
Қиқимов сондай-ақ қалада 92 ірі сауда орталығы барын айта келе, бүгіннен бастап 11 сауда орны ашылатынын жеткізді.
Қалада үш мыңнан астам қоғамдық тамақтану орны бар, оның үш жүздейі алкоголь өнімдерінсіз жұмыс істеп тұр. Бүлік кезінде 15 тамақтану орны зақымдалған, - делі Қиқимов.