Алматыда ҰБТ тапсыру пункттерінде санитарлық талаптар қатаң сақталған

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізінде ҰБТ тапсырудың бірінші легі өтіп жатыр, онда 235 адам тест тапсырады.

Оқушылар мен тәрбиеленушілерлің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сонымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін бекітілген алгоритмге сәйкес, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. 

Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен  тұратын барлық жағдайлар жасалған.


Мәселен, шектеу ленталары орнатылған және тест тапсырушылар арасында кем дегенде екі метр қашықтық  сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есе аз болмақ, ол үшін 15 аудитория әзірленген. Тепловизорлар, бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы қойылған. Тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар, дезинфекциялау тунелі, жедел медицина көлігі, дензинфекциялық кілемшелер, сондай-ақ қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер, санитайзерлер қойылған. Одан бөлек медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры және мемлекеттік комисиия мүшелері үшін маскалар тағайындалған.

Сонымен бірге, барлық аудиторияда бейнебақылау камералары орнатылған. 


Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын әрдайым бақылайтын болады. 

Биыл Алматыда барлығы 14 972 түлек тест тапсырады деп жоспарлануда, соның ішінде 9 047-сі (97%) биылғы түлектері болса, 5 925-і өткен жылдардың және колледждердің түлектері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы