Алматыда бойжеткеннің өлімінен кейін ағаштардың бұтақтары кесіліп жатыр
Алматы қаласының Алмалы ауданында жазатайым оқиғадан кейін ағаш бұтақтары кесіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы қаласының Алмалы ауданында жазатайым оқиғадан кейін ағаш бұтақтары кесіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
13 тамызда Алмалы ауданындағы Қарасай батыр мен Шәріпов көшелерінің қиылысында 27 жастағы қыздың үстіне ағаштың бұтағы құлаған. Өкінішке қарай ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Жазатайым оқиғадан кейін аудан аумағындағы ағаштардың құлауы мүмкін бұтақтарын кесу жұмысы басталған.
Алмалы ауданында күнделікті режимде ағаштарды санитарлық кесу жұмысы жүргізілуде. Биыл 30 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астамы өңделді. Ауданда күн сайын 10 мамандандырылған бригада жұмыс істейді. Жұмыс жоспарға сәйкес және тұрғындардың өтінішімен жүргізіледі, ал өтініштер басым тәртіппен қаралады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Ведомство ақпаратынша, бүгін кешегі түскен өтініштер орындалған: Шәріпов көшесі, 106; Жамбыл көшесі, 117-7; Шәріпов – Құрманғазы қиылысы. Сонымен қатар, көршілес көшелерде де жоспарлы жұмыстар атқарылды. Аталған аумақта Құрманғазы, Қарасай батыр, Әди Шәріпов, Жамбыл көшелерінде 3 бригада жұмыс істеген.
Сондай-ақ бүгін тағы 7 және қосымша 2 бригада мына мекенжайларда санитарлық кесу жұмыстарын жүргізді: Маметов көшесі, 47; Тастақ-2, 31-үй; Шарипов, 17; М. Әуезов, 133; Прокофьев, 38; Прокофьев, 35; М.Ақатай, Байтұрсынұлы көшесімен қиылысы; Шагабутдинов, 116/120; Шагабутдинов, 124.
Алматы әкімдігі қыздың өлімінен кейін "тексеру барысында бұтағы сынған ағаштың жасыл әрі қанағаттанарлық жағдайда екені анықталғанын" мәлімдеген.
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25
- Иран АҚШ әскери қызметшілерінің көзін жойғаны немесе тұтқындағаны үшін 25 мың еуро сыйақы жариялады 00:18
- Мароккода Сеута шекарасы маңында 100-ден астам мигрант ұсталды 16.08.2026