Алматыда боулинг үшін тіркелген салық мөлшерлемесі 48% төмендетілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Мәслихаты Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін тіркелген салықтың жаңа мөлшерлемесін бекітті. Аталған шешімге сәйкес, ойын автоматтары, ойын жолы (боулинг), бильярд үстелдері үшін салық мөлшерлемесі едәуір төмендетілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабаралды.
Мәселен, бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы бойынша тіркелген салық 12 АЕК-тен 9 АЕК-ке немесе 25% төмендетілді.
Көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы бойынша бір айдағы салық мөлшерлемесі 18 АЕК-тен 13 АЕК-ке немесе 28% төмендеді.
Ойын жолы (боулинг) үшін тіркелген салықты 42 АЕК-тен 20 АЕК-ке немесе 48% төмендету қамтамасыз етілсе, бильярд үстелі үшін тіркелген салық 25 АЕК-тен 15 АЕК-ке немесе 40% төмендетілді.
«Аталған жеңілдетулер бизнестің қарқынды дамуына және заңсыз бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді», - дейді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде зираттың металл қоршауларын ұрлаған күдікті ұсталды
Өзгелердің жаңалығы