Қала тұрғындарының сүйікті бақтарының бірі енді келушілерді 18:00-ге дейін қабылдайды.
Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді .15 қазаннан бастап ботаникалық бақ сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн екенін еске саламыз, – деп хабарлады ботаникалық бақ баспасөз қызметі.
Биыл 1 сәуірден бастап Алматының ботаникалық бағы жазғы жұмыс кестесіне көшкен болатын. Ол бойынша мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдады.