Алматыда «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті

Алматыда «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Бұл жолы іс-шараға түрлі саланы қамтитын 60-қа жуық компания қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңкеде шамамен мың жұмыс орны ұсынылған. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Шақырған бес мыңға жуық адамның үш мыңы келді. Соның ішінде 124 адам кәсіптік оқытуға жолдама алды. 160-қа жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 300-ге жуық адам жолдама алып, субсидияланатын жұмыс орындарында жұмыс істеп жатыр, – деді Мансап орталығының басшысы Әділет Жанабаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы