6 Желтоқсан 2019 2019, 12:37

Алматыда борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылуда

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда айыппұлдарын төлемеген автокөлік жүргізушілерін анықтауға арналған "Борышкер" шарасы өтіп жатыр. 

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда айыппұлдарын төлемеген автокөлік жүргізушілерін анықтауға арналған "Борышкер" шарасы өтіп жатыр. 

Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басасөз қызметі хабарлады.

Бұл іс-шара әкімшілік заң бұзушылықтарды жасағаны үшін жазалауға және әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыруға арналған. 

Тәртіп сақшылары мен прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай-ақ сот орындаушылар "ПОТОК-М" мобильді кешенімен әкімшілік айыппұлдарды төлемеген жүргізушілерді анықтап жатыр. Егер көлік жүргізушінің айыппұлы бар болса оның көлігі арнайыландырылған айып тұрағына қойылады. Жүргізуші барлық борышын өтеген соң ғана көлігін ала алады, - дейді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, ол қала жүргізушілерін мұндай келеңсіздікке тап болмас үшін айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырды.