Алматыда боди массаж жасайтындар жезөкше ретінде қамалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы ПД-і қаладағы массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталғанын хабарлады.

ПД-нің мәліметінше, Медеу ауданында интимдік сипаттағы қызметтер көрсететін жезөкшелер үйі анықталған. 

Онда 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди массаж жасаумен айналысқан. 

Мұндай массаж процедурасының құны шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жеке үйдің ғимаратында алкогольдік ішімдіктерге толы бар және демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы – әр облыстан келген отандастарымыз, ал біреуі – Өзбекстан азаматшасы. Мұндай боди массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі. Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық «массажистер» Полиция басқармасына жеткізілді, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы