Алматыда BMW бензин тасымалдайтын көлікпен соғысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында BMW автокөлігі мен бензин тасымалдайтын көлік соғысып, BMW жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында BMW автокөлігі мен бензин тасымалдайтын көлік соғысып, жеңіл автокөлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Zakon.kz.
Жол көлік апаты Рысқұлов даңғылында, Күдерин мен Солтүстік айналым көшелерінің аумағында болған.
Куәгерлердің сөзінше, бензин тасымалдайтын көлік Рысқұлов көшесімен батыс бағытта қозғалған. Ал, BMW оның соңында қашық жерде жоғары жылдамдықта жүріп келе жатқан. Осы мезетте Күдерин көшесіне жетпей Mercedes автокөлігі тұрады. Кенет оның жүргізушісі кері айнала бастапты. Мұны көрген BMW-ның иесі қақтығыстан қашып құтылмақ болып, бірден тежегішке басып, рөлді бұрып жіберген. BMW автокөлігі тізгіннен кетіп, ол алдымен бензин тасымалдайтын көлікке соғылып, оны артынша автокөлік жолайрығына лақтырған. Абырой болғанда, ол көпір бағанына жетпей тоқтайды. Арнайы көлік құралының соққы болған тұсында қосалқы дөңгелек болып, соның арқасында цистернаға қауіп төнбеген.
Апаттан кейін тоқтаған BMW түтеп, жалындаған. Бензин тасымалдауыш көліктің жүргізушісі өртті дереу сөндіруге кіріседі.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем каретасы BMW жүргізушісін ауруханаға алып кетті.
- Атырау – Ақтөбе пойызында жолаушы көз жұмды 17:15
- Қызылорда облысында құдыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды 16:49
- Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау: Есіл өзенінің жағалауында профилактикалық рейд өтті 16:18
- Франция құрамасының көпжылдық бас бапкері қызметінен кетеді 15:43
- Измир жағалауында 39 заңсыз мигрант ұсталды 15:19
- Ақмола облысында түн ішінде 2,7 гектардан астам аумақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілді 14:51
- Иранның оңтүстік-батысында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды 14:18