Алматыда блок-бекеттер қойылып жатқаны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желі қолданушылары Алматы маңында әскери техника қойылған блок-бекеттер қойылатыны туралы хабарламаны өзара бөлісіп жатыр.

Бұған «дәлел» ретінде брон техникаларды тасымалдау барысы түсірілген видео ұсынылуда, делінген stopfake.kz хабарламасында.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта Алматының айналасында блок-бекеттер қойылған жоқ. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантиндік шектеулерге ешқандай қатысы жоқ. Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орналастыру орнына алып келді, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы