Алматыда бизнес субъектілері арасындағы 990 мәміле жарамсыз деп танылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда бизнес субъектілері арасындағы 990 мәміле жарамсыз деп танылды. Оптимизаторларға 60 млрд теңге сомасында салық шағымдары берілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда жалған мәмілелер бойынша соттарға жалпы сомасы 60 млрд теңге көлемінде  990 талап арыз жіберілген. Бұл мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін тек 2022 жылдың 1 тоқсанында 14 млрд теңге шығын сомасына 155 талап арыз жолданыпты.

Әдетте, залал сомасы пайда алушы контрагенттерден, яғни осындай бір күндік фирмалармен байланысқан және олардың айналымдарынан тиісті салықтарды төлеуден жалтару ниеті бар субъектілерден алынады.  Тығырыққа тіркелгенде олар залал сомасын өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеу арқылы өтеуге мәжбүр болады,-дейді ол.

Соным ен қатар ол Алматыда 2021 жылы және осы жылдың 1 тоқсанында басқа контрагенттерге салық міндеттемелерін оңтайландыру бойынша заңсыз қызмет көрсеткен 1 507 салық төлеушіні сот жарамсыз деп танығанын айтты.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы