Кеше 2026, 23:55 Фото: magnific.com

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Мамыр айында табиғатты қорғау мамандары 287 нысанды тексерді.

2026 жылдың басынан бері Алматы қаласында шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу шеберханалары және экологияға әсер етуі мүмкін басқа да нысандар тұрақты бақылауға алынған.

Мамыр айында табиғатты қорғау мамандары 287 нысанды тексерді. Бақылау барысында шығарындылар көздерінің жағдайы, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сондай-ақ санитарлық-экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынды.

Әсіресе қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі жүйесі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жұмыстары жыл соңына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бақылау мен профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасады.