Алматыда биыл жол апатынан 14 мопед жүргізушісі мерт болды
Алматыда мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 700 мопед қойылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров қоғамдық кеңесте мәлімдеді.
Ал самокаттардың 103 жол-көлік оқиғасы орын алып, 109 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.
Мопедистер мен самокаттар жиналатын орындарда 8 мотоэкипаж тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. 32 мыңға жуық мопедист пен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 700 мопед қойылды. Сондай-ақ, 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды. Алдын алу мақсатында Департамент әкімдікпен, сондай-ақ кикшеринг компанияларымен және мото мектебімен бірлесе отырып, жұртшылықтың назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, электросамокаттарды, мопедтерді және мотоциклдерді дұрыс және қауіпсіз жүргізу біліктіліктерін арттыруға аудару мақсатында «ERKIN QOZGALYS» науқанын өткізді, - деді, Арыстанғани Заппаров.
Жалпы қалалық полиция басшысының айтуынша, жыл басынан бері шаһар жолдарында 3 миллион 420 мың 483 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, оның 1 мың 890-ы көлікті мас күйінде басқарған.