Алматыда биыл 2 мыңнан астам күрделі операция жасалды – онколог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл рактан емделген науқастардың саны 13 256. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп. Бұл туралы Алматы қаласы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
Н. Ізбағамбетов Алматының Онкологиялық орталығының заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталғанын, бұл жылына 2,5 мыңнан астам операция жасауға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар операциялардың 50%-дан астамы лапароскопиялық әдістермен жүзеге асады, яғни пациенттің жарақаты аз болады.
Биыл емделген пациенттердің саны 13 256 адамды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп. 2 мыңнан астам күрделі операция жасалды. Скринингтің және онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың, сондай-ақ емдеумен 100 пайыз қамтудың арқасында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,6%-ға төмендеді, - деді Орталық директоры.Н. Ізбағамбетов сондай-ақ қазір жүргізіліп жатқан скринингтер өте маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Мысалы, тексерулердің арқасында 148 обыр жағдайы және 9 304 обыр ерте кезеңде анықталған.
Бұл жерде қатерлі ісік ауруының 90%-ы сырқаттың 1-2-сатысында скрининг арқылы анықталған. Әрине, мұндай жағдайларда емдеу тиімдірек және толық емдеуге қол жеткізуге болады. Сондықтан скринингтен өту маңызды. Диагостикалау ісікті ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Кейінгі кезеңдерде емдеу күрделене түседі және болжам нашарлайды, - дейді Н. Ізбағамбетов.Сонымен қатар онколог-дәрігерлер пациенттерге үйде көмек көрсететінін, биыл 3 436 мобильді бригада шұғыл шақыртуларға шыққанын айтты.
Бүгінде еліміздің басқа өңірлерінен келген 560 онкологиялық науқас Алматыда тіркелген, бұл өткен жылдан екі есе көп. Демек, әрбір бесінші пациент қараусыз қалған, - дейді ол.Дертті жіберіп алмау үшін онколог қала мен ел тұрғындарын емханаларда тегін скринингтен белсенді өтуге, жыл сайын флюорография кабинетіне және қарайтын бөлмеге баруға, өздерінің жеке денсаулық жағдайларын бақылауға шақырды.
Н. Ізбағамбетов мына белгілер пайда болса, онкологқа жүгіну қажеттігін ескертті. Олар: анемия, көкжөтел және қан араласқан қақырық және нәжіс, сүт бездерінің, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, шаршау әрі салмақ жоғалту, денедегі қалдардың өзгеруі және басқа да көптеген белгі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы