Алматыда биыл 150 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 776 әйелге консультациялық көмек көрсеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зульфия Байсакова мәлімдеді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы қаланың оқу орындары мен ұйымдарында 160 дәріс, тренингтер мен кездесулер өткізілді, оларға 1000-нан астам тұрғын қатысты. Қалалық билбордтарда отбасылық зорлық-зомбылықпен күресуге, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды сақтауға шақыратын әлеуметтік роликтер мен ұрандар бар. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 776 әйелге консультациялық көмек көрсетті. Дағдарыс орталықтарына 150 әйел жіберілді, олардың 45-і балаларымен бірге «Жан-Сая» дағдарыс орталығын паналады, 9 әйел «Аналар үйі» баспанасынан қолдау тапты,- деді Зульфия Байсакова.