Алматыда бірнеше велосипедті қолды еткен ұры ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көпқабатты үйлерден бірнеше рет велосипед ұрлаған жігіт ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.

Күдікті бірнеше рет велосипед ұрлығын жасаған Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны болып шықты, ол бұрын осындай қылмыспен сотталған.

Негізінен ұрлық көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінен жасалған. Қаскөй кілтті немесе домофон кодын таңдау арқылы кіреберіске кірген және екі доңғалақты көлікті алып шыққан, содан кейін ұрланған велосипедтерді арзан бағаға сатып отырған. Қазіргі уақытта ұсталған адамның 15 қылмыстық эпизодқа қатыстылығы дәлелденді, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Барлық эпизодтар бір өндіріске біріктірілген, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бірнеше рет) бойынша тергелуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы