Алматыда бірнеше қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгерді
4 ақпан күні Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың жүру бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Алматы қаласында 4 ақпан күні сағат 12:00-ден 5 ақпан таңғы сағат 08:00-ге дейін №45, 95, 121 бағыттардың сызбалары уақытша өзгеретін болады.
№45 - шығыс бағытта - Тимирязев көшесі – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Желтоқсан көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№95 және № 121 – шығыс бағытта - Сәтбаев көшесі – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – Сәтпаев көшесі – бұдан әрі сызба бойынша.
Сонымен қатар фильм түсіріліміне байланысты 4 ақпанда сағат 12:00-ден 5 ақпан 8:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі Республика алаңы қозғалыс үшін уақытша жабылады.
«Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде түсірілім адам көп жиналатын орында да болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.