Алматыда "Birlik" ансамблінің гала-концерті өтті

30 қаңтар күні Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Birlik" ансамблінің концерті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған гала-концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясындағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болды.

Концерттік бағдарламада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Татарстанның танымал хореографтарының қойылымдары ұсынылды.

Концертті Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері тамашалады.

Іс-шараға Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "Достлуқ" ұйғыр халық аспаптар ансамблі, "Рухсара" би ұжымы, "Нава" ансамблі және "Бахар" кавказ би ансамблі қатысты.

Белгілі өнер шеберлері мен жас орындаушылар жаппай және жеке хореографиялық композициялар, аспаптық және вокалдық нөмірлерді орындады. Олардың қатарында "Күй шашу" биі, халық әндерінен попурри, ұйғыр, корей, татар билері және басқа да қойылымдар болды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан шығармашылық ұжымға ықылас гүлі тарту етілді.

Айта кетейік, "Birlik" ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылды. Бұл – Қазақстан мен ТМД-дағы алғаш

қы көпұлтты ән мен би ансамблі. Ұжымның бірегей репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақконцерт
Өзгелердің жаңалығы