Алматыда бірегей сурет байқауы өтті

Алматыда «Алмалы пленэрі – Алмалыдағы көктем» атты бірегей сурет байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдындағы алаң бірнеше сағат бойы ашық аспан астындағы үлкен шеберханаға айналды. Ауқымды шығармашылық байқауға барлық жастағы оқушы қатысты. Олардың барлығы «Даму бала» дамытушы балалар орталығында көркемдік шеберлік дәріске қатысады.

Шығармашылық үдерісті «Даму бала» орталықтарының педагогтары ғана емес, қазылар алқасы да қадағалады. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, сондай-ақ Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің педагогтары сынды өз ісінің хас шеберлері жұмысқа баға берді.

Байқау үш жас санаты бойынша өтті. Барлық қатысушы дипломдар мен көркем жинақтары бар шопперлер алды. Байқау финалистеріне кәсіби сурет жиынтықтары бар суретшілерге арналған арнайы сөмкелер табысталды.

Байқауды Алмалы ауданы әкімінің аппараты және «Даму Бала» платформасы ұйымдастырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы