Алматыда бір топ жасөспірім қатарлас қызды соққыға жыққан

Оқиға Жетісу ауданындағы Гүлдер саябағында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Фото: видеодан кадр

Осы іс бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал туындаған екі жасөспірім қыздың да ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив
Өзгелердің жаңалығы