Алматыда бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылғы 22 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 996 жаңа жағдайы тіркелді, оның 920-сы симптомдық және 76-сы симптомсыз. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Инфекциялық стационарларда 3 270 адам ем алуда, оның ішінде 180-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 240 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында– 27, инвазивті емес ӨЖЖ – 88, High flow аппаратының көмегімен 86 науқас демалуда, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 6 201 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 5774, симптомсыз 427 науқас бар.
Өткен тәулікте қала бойынша 4 590 адам вакцина алды. Жалпы жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 670 351 адам алды. Вакцина алғандардың 94 835-і 60 жастан асқан қарт кісілер, - делінген хабарламада.Қазір Алматыдағы медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-ларында 212 вакцинация пункті жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Болашақтың дағдылары: ХХІ ғасырда нені білу керек?
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы