20 Қыркүйек 2026, 23:55
Фото: istockphoto.com
Алматыда бір тәулікте мас күйінде көлік басқарған 18 жүргізуші ұсталды
Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Алматыда өткен тәулікте көлікті мас күйінде басқарған 18 жүргізуші ұсталды. Оның сегізі түнгі рейд кезінде анықталған.
Рейд барысында полиция Nissan автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізуші мен жолаушылар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетуге әрекет жасаған. Нәтижесінде көліктегі барлық адам полицияға жеткізілді.
Медициналық куәландыру жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын растады.
Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.