Алматыда бір көшеде қозғалыс шектеледі

Алматыда Бостандық ауданында автокөліктердің қозғалысы Журавлев көшесінің бойымен Серкебаев даңғылынан бастап Сеченов көшесіне дейін шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қозғалыс екі жаққа қарай жабылады.

Уақытша шектеулер жүргін бөліктің астымен өткен, 1980 жылдан бері пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 673 метрді құрайтын құбыржолды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғыртуды жүргізу кезеңінің ішінде аталған тұтынушыларға ыстық су жеткізу сақталады, - делінген ақпаратта.

Еске салайық, қозғалыс 20 қыркүйек күні сағат 06:00 бастап 30 қыркүйектің сағат 06:00 дейін шектеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы