Алматыда бірқатар нысан аурухана ретінде құрылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Ковидті ауруханалар жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау нысандарының негізінде қайта құрылуда.
Ковидті ауруханалар жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау нысандарының негізінде қайта құрылуда. Олар толыққанды жұмыс жасау үшін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес қайта жабдықталған.
Таза және лас учаскелер, шлюздер, дезинфекциялық тоннелдерді бөлетін арақабырғаны орнату, желдету жүйелерін ретке келтіру және басқа да жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ковидті ауруханалар ретінде жұмыс істеу үшін 15-тен астам денсаулық сақтау нысандарын, санаторийлер мен басқа да ғимараттарды дайындау және жабықтау жоспарлануда.
Бұрын хабарланғандай, Halyk Arena кешені үшінші эшелонды станса ретінде жұмыс істей бастады.
Тиісті жұмыстар ОҚКА, ОМИА, МКА-ның бос ғимараттарында жүргізілуде. Соның өзінде мекемелердің жұмысы тоқтамады.
Сонымен қатар, "Қазақстан", "Көктем" санаторийлері және басқа да қолайлы ғимараттар дайындалады. Бұл кезеңде ауруханалардың, байланыс жүйелерінің, инженерлік-коммуникациялық және энергетикалық желілердің аумақтарына талдау жүргізіліп, логистика мәселелері пысықталуда.