Алматыда білім берудегі жаңа технологиялардың EdCrunch Glocal конференциясы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған конференцияның ашылуына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Конференция бағдарламасы балалардың ерте дамуы; XXI ғасыр мектебі және дағдылары; цифрлық университет, корпоративтік оқыту, EdCrunch Stage, EdTech нарық және инвестициялар; EdCrunch Night – edutainment event (білім беру шоуы) сияқты тректерден тұрады. Негізгі тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design).
Конференция қатысушыларына арнаған сөзінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев уақыт сын-тегеуріндеріне дұрыс жауап іздеу және жаңа білім беру тәжірибесін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселелер болып табылатынын атап өтті.
Күн тәртібінде – білім беру сапасын дамыту және оның нарық пен қоғамның үмітіне сәйкестігі мәселелері. Осы міндеттерді шешу мақсатында біз «Алматы 2050» жаңа стратегиясын іске асырамыз, ол баршаға ашық, қазақстандық таланттың, туризм мен инновацияның өсіп келе жатқан орны үшін адаморталық қала құруға бағытталған, - деп атап өтті Сағынтаев.
Алматы әкімі өршіл жоспарлардың басты шарты адами капиталды дамыту екенін атап өтті.
Бұл креативті таптың өзегін құрайтын ақыл-ойы бар адамдар. Өткен жылдан бастап қалада білім беру жүйесін әлемдік деңгейге дейін одан әрі дамытуға бағытталған даму бағдарламалары іске қосылғанын атап өткен жөн, - деді Сағынтаев.
Конференция жұмысына 25 елден 400-ден астам спикер қатысты. Екі күн ішінде 150 сөз сөйлеу, сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сабақтары өтеді. Қатысушылар педагогикалық дизайн саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру саласының болашағы және жаңа технологиялардың, оқыту саласындағы ғылым жетістіктерінің әсері мәселелерін талқылайды.
Спикерлер арасында – Сколково басқару мектебінің практика профессоры Павел Лукша, Fincraft Group холдингінің президенті Кеңес Рақышев, режиссер-сценарист, технологиялық кәсіпкер, Bazelevs кинокомпаниясының негізін қалаушы Тимур Бекмамбетов, LX Design пионері, «Білім беру тәжірибесін жобалау» терминінің авторы, LXD Canvas конференциясының бағдарламалық директоры Нилс Флор, Tan Media Group иесі Арманжан Байтасов, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова, «Яндекс» білім беру жобаларының продюсері Анастасия Чуковская, UWC Dilijan College Директорлар кеңесінің төрағасы Вероника Зонабенд, Lancaster Group акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев, «Altyn Qyran Foundation» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов, Aitas.kz холдингісінің басшысы Серік Толықпаев және тағы басқалар болды. Конференцияның басында құпия қонақ классикалық музыканы дәріптеуші, кеңес және швед дәріскері-музыкатанушы Михаил Казиник болды.