Алматыда бейбіт шеруді өткізу туралы заңды жетілдіру мәселесі талқыланды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен бейбіт шерулерді өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралып жатыр.

Жиынға қоғам белсенділері, Қоғамдық сенім кеңесі мүшелері қатысуда. Министрдің айтуынша, 1995 жылы қабылданған бейбіт шеру өткізу жөніндегі Заңнама толықтыруды қажет етеді.
Біз аталған заң жобасын әзірледік. Бүгін соны сіздермен бірге талқыласақ, жетілдірсек деген оймен келіп отырмыз. Алғашында "бұрынғы заңды толықтырсақ" деген едік, алайда жаңа заңды қабылдаған анағұрлым жеңіл. Заңда БАҚ өкілдерінің, құқыққорғау оргадарының қатысуы, шерудің өтетін орны және тағы басқа мәселелер анық көрсетілген, - деді министр.


Академик Рахман Алшанов бұл заңды жетілдіру ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асып жатқанын айтты.
Президент халыққа жолдауында митинг өткізу туралы заңды жетілдіруді міндеттеді. Ол Конституцияға сәйкес халықтың өз пікірін еркін білдіруге және тәртіп бұзып, елдің мазасын алмаса, ондай шерулерді өткізуге рұқсат беру қажеттігін айтқан. Біз Сарыарқа кинотеатрының артынан кейін екінші орын деп Махатма Ганди ескерткішінің маңын таңдаған едік, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы