Алматыда бейбіт шеру өтіп жатыр

Алматы,  BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов саябағы алаңында рұқсат етілген бейбіт шеру өтіп жатыр. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты тыңдай білетін билік мәселесін көтерген соң «Бейбіт митинг» өткізу туралы заң қайта қаралып, қабылданған еді. Бүгінгі митинг заң қабылданған соң алғаш өтіп отыр. 


Митингке шығушылар қолдарына өз ұстанымдарын білдіретін жазуы бар плакаттар ұстап шықты.


Шеруді ұйымдастырушы әрі қоғам белсендісі Жанболат Мамай халықтың кепілсіз және микро кредитін кешіруге мемлекеттің шамасы жетеді деген ойын білдірді.


Шеру аясында санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған. Эпидемиологтар әр қатысушының дене температурасын тексеріп, маскасыз келгендерге маска беріп жатыр. 


Митинг 3 сағатқа жоспарланған. Қазір шеруге барлығы 200-дей адам жиналды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы