Алматыда бес шағын аудан жарықсыз қалды

Алматыда бірқатар ауданда алты рет электр жарығының апатты сөнуі тіркелді. Кей жерлерде электр энергиясы берілімі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ мәліметінше, ақаулар мына жерлерде болған:

• Алмалы ауданы – екі ажырату: сағат 10:23-те Сәтпаев – Қарасай батыр көшелерінде және 10:30-да Райымбек даңғылы – Розыбакиев көшесінде. Екі жағдайда да бір сағат ішінде КЛ-6 кВ жөндеуге шығарылып, тұтынушылар резервтік желілерге ауыстырылды.

• Әуезов ауданы – екі ажырату: 10:45-те (Таугүл және Достық шағынаудандары – ішінара). 12:45-ке қарай тұтынушылардың бір бөлігі қосылды, бірақ төрт ТП әлі жарықсыз. 12:10-да – Таугүл-3, Атамекен, Дубок шағынаудандары.

• Жетісу ауданы – бір ажырату 10:30-да (Сүйінбай даңғылы – Райымбек даңғылы – Назарбаев даңғылы). 12:10-да КЛ-6 кВ жөндеуге шығарылып, тұтынушылар қосылды.

• Медеу ауданы – бір ажырату 11:20-да (Оспанов – Олимпийская көшелері).

Қазіргі уақытта жарықсыз қалғандар: Таугүл, Достық, Таугүл-3, Атамекен, Дубок шағынаудандары, сондай-ақ Оспанов, Олимпийская, Алмалықская және Жалаңтөс Бахадүр көшелері.

Қалған мекенжайларда электр беру резервтік көздер арқылы қалпына келтірілді. Ажырату себептері нақтылануда. Толық қалпына келтіру жұмыстары 2-3 сағат ішінде аяқталады деп күтілуде. Жұмысқа алты жедел-шығу бригадасы мен екі бірлік арнайы техника тартылған, – деп хабарлады АЖК.

Алматы көшелерін жарықтандыруға қатысты мәселелер жайлы мақаламызды мына жерден толығырақ оқи аласыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы