Алматыда базарда жұмыс істейтін жастар ұлттық спорт түрлерінен жарысты

Алматының 40 базарынан 500-ге жуық жастар жарысқа қатысуға ниет білдірген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Олар 2 күн бойы қазақ күресі, арқан тартыс, қол күрес, асық ату және қой көтеру секілді ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасады.

Бүгінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастарды жан-жақты қолдау бойынша түрлі жобаларды жүзеге асырып келеміз. Сондай ерекше жобаларымыздың бірі – Youth nomads. «YOUTH NOMADS» жобасы бірегей мәдени дәстүрлерді қолдауға ықпал ететін жастар арасында ұлттық спорт түрлерін сақтауда және насихаттауда маңызды рөл атқарады. Қала базарларында жұмыс жасайтын жастар арасында ұлттық 5 спорт түрінен (қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату, қол күрес және қой көтеру) жарыстар өтетін болады. Осы орайда аталмыш жобаға қатысып жатқан барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді өз сөзінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш жоба келесі жылы да жалғасын таппақ. Сайыстың биылғы жүлде қоры 2.500000 теңгені құрады. Іс- шара аясында көрермендерге қолөнер көрмесі, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қалалық жастар саясаты басқармасы
Өзгелердің жаңалығы