Алматыда Батыс Желтоқсан көшесі ішінара жабылады

Алматыда 24 сәуір мен 31 мамыр аралығында Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейін Батыс Желтоқсан көшесі бойында көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Уақытша шектеулер магистральдық құбырды ауыстыру және жол төсемін орташа жөндеу қажеттілігіне байланысты енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдік нақтылап өткендей, құбырды жөндеу жұмыстары кезінде күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Батыс Желтоқсан көшесі бойынша көлік қозғалысы солтүстік бағытта біржақты болады. Күн сайын сағат 22.00-ден 07.00-ге дейін және демалыс күндері қозғалыс екі жаққа да жабылады.

Ганди көшесінен оңтүстік бағытта әл-Фараби даңғылына шығатын жол Қозыбаев көшесі бойынша ұйымдастырылады.

2 мамырдан бастап қалалық мобильділік басқармасы әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін Батыс Желтоқсан көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын бастайды.

Басында тротуарлар мен арық желілері жөнделеді, бүлінген жиектер ішінара ауыстырылады, содан кейін асфальт жабыны фрезерленеді. Құбырды және асфальт жабынының төменгі қабатын төсегеннен кейін жолдың бүкіл еніне полимерді қолдана отырып, асфальтбетон төсеу жүргізіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қозғалыс толығымен 1 маусымға дейін қалпына келтіріледі.

25 жылдық қызмет нормативтері бойынша есептелген аталған учаскемен өтетін құбыр 1992 жылдан бері 32 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуда. Мониторинг соңғы бес жылда мұнда 17 зақым тіркелгенін көрсетті, – делінген әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы