Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өтті
Алматы, BAQ.KZ. Батырсыз 7 жыл. Алматыда Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған BATYR.GÜL ALMATY арнау концерті өтті. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
Алаңдағы атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Халық көп. Батыр шығармашылығының адал жанкүйерлері концертті тамашалап, көздеріне жас алып ән шырқады. Бүгінде миллиондаған тыңдарманның сүйікті әндерін симфониялық оркестр, солистер, Батырдың замандастары мен жас музыканттар алғаш рет орындады.
Концертті ұйымдастырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты сахнаны Республика сарайының көрермен залына ауыстырды. Ішке кіре алмағандар үшін Абай алаңында үлкен экранда трансляция ұйымдастырылды», - деді әнші Әлібек Әлмадиев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, BATYR.GUL ALMATY арнау концерті – бұл Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қорының қызметінің жалғасы, ол әнші туралы естелікті сақтауға және Қазақстанның жанды әрі күшті мәдени ортасын қалыптастыруға бағытталған.