Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады

Биылғы оқу жылында Алматыда бірінші сыныпқа 31 мыңнан астам бала барды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алады. Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл соңына дейін 5,3 млрд теңге бөлінді. Оқулықтар мен көркем әдебиет сатып алуға жергілікті бюджеттен 3 млрд 263 млн 457 мың теңге бөлінді.

Биыл 2 сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы