Алматыда барлық базарлар қызметін қайта бастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда шектеу шараларын жеңілдету аясында 1 маусымнан бастап, СПА-салондары, қоғамдық моншалар және сауналар жұмыстарын қайта бастайды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, нысандардың қызметіне барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс, ол  талаптар: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және тағы басқа,-делінген хабарламада.

Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.
Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар. Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр,- делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, жұмысқа 7,2 мың адам санымен 900-ден астам нысан оралады деп күтілуде. Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы