12 Тамыз 2023 2023, 10:25
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда барахолка маңындағы ірі өрт ауыздықталды
Алматыдағы барахолка маңындағы қоймалардың бірінде шыққан ірі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыдағы барахолка маңындағы қоймалардың бірінде шыққан ірі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Алматылық өрт сөндірушілердің күшімен 2 250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды, - деді Алматының төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, таңғы сағат 7:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан болатын.