Алматыда "Барахолка" базарынан тағы өрт шықты

26 тамызда таңертең "Алмалы" базарындағы контейнерлер отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрттің ауданы 80 шаршы метрді құрайды.

Сағат 08:37-де өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, "Алмалы" базарында жалпы алаңы 80 шаршы метрді құраған контейнерлердегі өртті сөндірді, - деді Алматы қалалық ТЖД.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы сауда нүктелеріне таралуын болдырмады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетсек, Алматы "барахолкасында" жиі өрт болады, 21 тамызда "Байсат" базарында контейнерлер өртенді.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы