Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырылды
Мегаполисте «Дағдарыс пен тұрақсыздық жағдайында ұйымдар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Нархоз университеті және Қазақстандағы БҰҰДБ бірлесіп ұйымдастырды.
Іскерлік журналистика, бизнес-коммуникациялар және жаһандық медиа саласындағы жетекші сарапшылар дағдарыс жағдайында медиамен өзара байланыс бойынша практикалық ұсыныстар мен стратегияларын бөлісті.
Журналистиканың негізгі мақсаты, өздеріңіз білетіндей, қоғамды ақпараттандыру, маңызды мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу. Халыққа сапалы, сенімді ақпарат беруі қажет, - деді ҚР МАМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов.
Семинар-тренингте кәсіби мамандар дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.