23 Тамыз 2026, 08:32
Фото: видеодан алынған кадр
Алматыда Балқаш «жолбарысы» Құрылтай сайлауына келді
Тұран маңызды қоғамдық шараға қатысып, өз таңдауын жасады.
Алматыда Құрылтай сайлауы кезінде ерекше оқиға болды. Балқаш «жолбарысы» Тұран қалаға арнайы келіп, Жетісу ауданындағы «Айнабұлақ» шағынауданының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тұран маңызды қоғамдық шараға қатысып, өз таңдауын жасады. Оның келуі жергілікті халықтың қызығушылығын оятып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ерекше қонақтың сапары аудан тұрғындары үшін есте қаларлық сәтке айналды. Мұндай жарқын оқиғалар адамдарды жақындастырып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.
Алматы жұртшылығы Тұранды жылы қарсы алып, оның келуін үлкен қызығушылықпен тамашалады.