Алматыда баланы ұрған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желілерде балалар ойын алаңында ойнап жүрген кішкентай баланы ер кісінің ұрып жіберген видеосы тарады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, Алматы қаласындағы балалар ойын алаңында бір баланы ұру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысты барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Бұл жағдай Алматы қаласының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік өкілі бақылауында тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы