Алматыда балаларға вакцинация құжаты беріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Асқаров хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде Алматының 12-17 жастағы 1 700-ге жуық жасөспірімі вакцинаның бірінші компонентін алған.

Енді олар вакцинацияның электрондық паспортын eGov-mobile мобильді қосымшасынан жүктей алады.

Біз бір жарым жылға созылған шектеулерді есімізде жақсы сақтаймыз. Бұл жаңа оқу жылы вакцинацияның арқасында күндізгі форматта басталды. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауды жалғастыратын болсақ, егер жасөспірімдер вакцинацияланатын болса, біздің қала мен еліміз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынан құтыла алады, - деп атап өтті Елнұр Асқаров.

Қазіргі уақытта мегаполистегі болашақ дәрігерлерді дайындайтын оқу ордасында 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар.

Олардың барлығы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін вакцинациялауға дайын. Сонымен қатар, ЖОО-ның оқытушылар құрамының 100% вакциналанды. Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсаттарын жинадық және екпе жасай бастадық, - деп отыр басқарма басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы