28 Желтоқсан 2021 2021, 14:39
Алматыда балаларға қол көтерген тәрбиеші өзіне қол жұмсады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда балабақшада балаларға қол жұмсаған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болды.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда балабақшада балаларға қол жұмсаған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болды.
Алматы қалалық Полиция департаменті 1979 жылы туған Б.есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растады.
Қазіргі таңда Жетісу аудандық Полиция басқармасы ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді полициядағылар.
Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде Алматы балабақшаларының біріндегі тәрбиешінің балаларды ұрып жатқан видеосы тараған еді.