Алматыда балаларды оңалту орталығының құрлысы қашан басталады
Алматыдағы үйсіздердің мекеніне айналған бұрынғы теміржол ауруханасының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.
Ғимараттың тарихи келбеттің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жоба Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Қазреставрация» кәсіпорнымен келісуден өтті. «Абай – Масанчидегі бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратын реконструкциялауға» жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сараптама қорытындысын 2024 жылдың I тоқсанында алуды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылдың II-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін осы ғимаратта заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығын» ашамыз, – деді Ерболат Досаев.
Еске сала кетсек, ғимараттың есік-терезесі сынып, шынылары айналаға шашылып жатыр. Қала тұрғындары теміржол маңайынан жағымсыз иіс шығып, қоқыс шашылып жататынын айтып шағымданғанын жазған едік.