Алматыда балалар мен жасөспірімдерді қорғау жүйесі күшейтіледі
Алматы қаласы әкімдігінде А. Нүкеновтің төрағалығымен балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Жұмысқа аудан әкімдерінің идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, салалық басқармалардың басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Алматы қаласы полиция Департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік, балалардың қауіпсіздік жағдайын бақылау, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, кешенді қолдау және қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Арнайы назар психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге, ата-аналармен арнайы бағытталған жұмыс жүргізуге, әдістемелік материалдар әзірлеуге және профильді мамандардың біліктілігін арттыруға аударылды.
Сонымен қатар, қауіп-қатерлерді ерте анықтау жүйесін құру механизмдері, жағдайды бақылау мен қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау үшін цифрлық және аналитикалық құралдарды енгізу мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша профильді басқармалар мен аудан әкімдіктеріне балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кешенді қолдау ұйымдастыру және профилактикалық шараларды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Алматы қаласы әкімдігінде А. Нүкеновтің төрағалығымен балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Жұмысқа аудан әкімдерінің идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, салалық басқармалардың басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Алматы қаласы полиция Департаментінің қызметкерлері қатысты.