Алматыда балалар мен жасөспірімдер арасында биатлоннан жарыс өтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бірінші қысқы балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық фестивалі аясында биатлоннан жарыс өтті.


Аталған фестиваль аясында қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар елімізде бір ай бойы жалғасып келеді. Алматыдағы "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша "Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" базасында 12 жастан асқан жас спортшылар арасында Фестивальдің үшінші кезеңі – биатлоннан жарыстар өз мәресіне жетті.

Фестивальді Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, танымал қазақстандық спортшы Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры. Ұлттық Олимпиада комитетімен ресми республикалық спорттық күнтізбеге енгізілген Фестиваль 21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында өтеді. Биатлон бойынша жарысқа Қазақстанның әр аймағынан: Қарағанды, Петропавл, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан 100-ден астам жас спортшылар қатысты. Жалпы сайыста барлығы 700-ден астам жас қатысушы өз бағын сынауда.


Біздің қор спортшы жастарды қолдау мақсатымен және халықаралық жарыстар алдында қажетті жаттығулар мен жарыс тәжірибесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті халықты белсенді өмір салтына тарту бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін құрылды. Бұл фестиваль қордың идеялары мен философиясына толық сай келеді және серіктестердің қолдауы арқасында ол ауқымды, әсерлі болып, жоғары деңгейде өтпек. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында Олимпиада рухын дамытуға арналған осындай жарыстардың жыл сайын өткізіліп, өте танымал болатынына сенеміз, - дейді Олимпиадалық қордың директоры Елена Хрусталёва. 

Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер Олимпиадалық Фестивалі аясындағы жарыс еліміздің бірнеше қаласында өтіп жатыр. Бірінші кезең еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы "Алау" мұз сарайының базасында өтті және ол конькимен жүгіру спорты мен шорт-трек жарыстарын қамтыды. Шаңғы жарысы Щучинск қаласындағы "Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында" өтті. Сондай-ақ, 25-27 желтоқсан аралығында Өскемен қаласындағы "Қысқы спорт түрлерінен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" базасында фристайл бойынша жарыстар Фестивальді қорытындыламақ.



Атақты спортшылар мен олимпиадашылар – конькимен жүгіру спортынан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева, могулдан әлем чемпионы Юлия Галышева, атақты қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, сондай-ақ биатлоннан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева Фестивальдің барлық кезеңдерінде жас қатысушыларға қолдау көрсетіп келеді. Жас спортшылар спорттық Фестиваль аясында маусымның басты жарысы – Лозаннадағы 2020 жылғы Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарына өз дайындықтарын пысықтауда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы