Алматыда балалар алаңында адамды бауыздаған күдікті ұсталды

Қанды оқиға Алматы әуежайының аймағындағы балалар алаңдында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы әлеумметтік желілерде жарияланды. Аталған жағдайға Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу салдарынан жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы