Алматыда балаға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды
Оқиға балалар алаңында болған.
Алматы полицейлері тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында балаға күш қолданған ер адамды ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға балалар алаңында болған және бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін итергені көрінеді. Салдарынан бала дене жарақатын алған.
Күдікті сол тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың ойын кезінде болған жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған.
Балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полицияда балаларға қатысты жасалған кез келген заңға қайшы әрекетке себеп-салдарына қарамастан, заң аясында қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55